info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Жиһаз Петропавл» ЖШС - матрастарды дайындау бойынша Қазақстандағы №1 Фабрикасы

Жаңалықтар
21.12.2023

«Жиһаз Петропавл» ЖШС – ««Сова» матрастар фабрикасы» брендімен жетекші еуропалық компаниялардың заманауи технологиялары мен жабдықтарында жоғары сапалы матрас, жиһаз өндіретін табысты кәсіпорын. 15 жылдан астам уақыттан бері компания тек Солтүстік Қазақстан облысының ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның бар өңіріне сапалы тауар жеткізетін көшбасшы ретінде бедел жинады.

«Жиһаз Петропавл» ЖШС өндіріс циклы арнайы жабдықта серіппелі блокта бүгілетін сым жасаудан басталады. Әрі қарай жұмыс матрас ішіне салатын (латекс, кокос жаңғағы және т.б.) толтырғыштар, қақпақтар мен қаптамалар өндіріп, матрас құрастыруға дейін жалғасады.

«Сова» матрастар фабрикасы» әр түрлі конструкцияларды ұсына отырып, серіппесіз, «Боннель» серіппелі блогына негізделген, «Pocket Spring» тәуелсіз серіппелі блогына негізделген матрастар секілді ортопедиялық матрастар өндірісін де жолға қойған. Компания жылына 35-тен 40 000-ға дейін өнім шығарады.

Өндіріс қуатын арттыру үшін компания «Банк ЦентрКредит» айналым қаражатын толықтыруға 21%-бен несие алды. «Даму» Қоры оның 15,75%-ын субсидиялауының арқасында кәсіпкер үшін ақырғы мөлшерлеме 6% құрайды.

СКО, Петропавл қ-сы, Медведева к-сі 41

Тел: +7 (775) 757-77-77

Instagram: @matrass.sova

Сайт https://so-va.kz/

Эл.пошта market@so-va.kz