info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жосалыда жаңа дүкен ашылды

Жаңалықтар
15.12.2023

Қалыбаев Бақытбек кәсіпкерлікті 2006 жылы орталық базарда түрлі тауарлар сатудан бастады. Табысы артып, тұрақты тұтынушылар жинаған соң кәсіпкер мен жұбайы өз қаражатына «1001 ұсақ-түйек» дүкенін салуға кірісті.

2023 жылы кәсіпкер «Даму» Қорынан «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бойынша субсидиялау және кепілдік құралдарын пайдаланып қолдау алды. Қаражатты айналым қаражатын толықтыруға жұмсады.

Дүкен әдемі безендірілген, тұтынушыларды қол жетімді бағамен қуантып келеді. Онда тұрмыстық химия, балалар ойыншықтары, ыдыс-аяқ, кеңсе тауарлары және үйге қажетті басқа да тауар сатылады. Бұл салада бәсекелестік жоғары, бірақ кәсіпкердің ұзақ жұмыс тәжірибесі мен еңбекқорлығының арқасында тұрақты өз тұтынушылары бар. Дүкеннің ыңғайлы жерде орналасқан. Тек Жосалы ауылының тұрғындарына ғана емес, жақын маңдағы ауыл-аудандарға да қызмет көрсетеді.

Қызылорда обл., Жосалы ауд., Сексенбаев к-сі, 8 үй

+77021154141