menu
Жабу

Ерекше балаларға сапалы қолдау көрсететін орталық

Жаңалықтар
19.12.2023

Соңғы жылдары аутизм диагнозы қойылған балалар саны артып келеді. Қазір планетамыздың әрбір елуінші тұрғыны осы дертке шалдыққан деген дерек бар. Өкінішке қарай, туа бітті аутизмді толық емдеу мүмкін емес. Алайда, оңалту әдістері ерекше баланың жағдайын едәуір жақсартып, қоршаған орта мен өзі өмір сүретін қоғамға бейімделуіне көмектеседі.

«Жас ұрпақ» – 2016 жылы құрылған және аутизм спектрі бұзылған (АСБ) балаларды оңалтуға арналған түзету мекемелері желісі.

Оны ашқандар да ерекше баланың ата-анасы. Күн сайын баласының қажеттіліктері мен қиындықтарына тап болған ерлі-зайыптылар түзету орталығын құру туралы шешім қабылдады. Ол кейіннен мекемелер желісіне айналды. АСБ балаларға арналған арнайы балабақшада логопед жұмыс істейді, сенсорлық интеграция, ҚҚҚ залы, АВА терапия кабинеттері бар. 9 баладан тұратын шағын жинақталған 6 топ арнайы балалар алаңымен жабдықталған және бейнебақылау жүйесі бар.

Орталықтар желісін ашқан «Individ 2015» ЖШС 50 орындық бейімдеу даму орталығы үшін жылжымайтын мүлік сатып алды. Компания бұл бастамасын жүзеге асыру үшін «Қазақстан Халық Банкінен» жылына 21%-бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оны кәсіпкер 6%-бен төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ Қордың кепілдігі берілді.

«Individ 2015» ЖШС миссиясы – аутизммен ауыратын балалардың өмірін жақсарту және болашақта олардың лайықты өмір сүруіне мүмкіндік жасау.

Instagram: @Zhasurpaq_nur

+77017718118

Астана қаласы, Есіл ауданы.

Домалақ Ана көшесі 1 (Балабақша)

Тұмар Ханым көшесі, 22 (Даму орталығы)