menu
Жабу

Жүкті жылдам әрі ұқыпты жеткізетін компания

Жаңалықтар
22.12.2023

Ержан Баяхметұлы Омарбеков 2004 жылы алғашқы жүк автокөлігін өз ақшасына сатып алып, бизнес бастады. Осы жылдар ішінде ол өз күшімен тұрақты клиент жинап, кәсібін дөңгелетіп келді.

Қазір кәсіпкердің қол астында оннан астам техникасы бар. Жүк тасымалдау бизнесiнiң маңызды тұсы – жоғары сапалы қызмет көрсету. Клиенттер өз жүгінің жылдам және сенімді жеткізілгенін күтеді. Сондықтан компанияда бірінші кезекте сервис және сапаны бақылау жоғары деңгейде қамтамасыз етілген. ҚР аумағында қызмет көрсетумен қатар, компания ірі көлемді жүктерді Өзбекстан, Ресей, Қытай және Тәжікстанға да тасымалдайды.

Екі автокөлік сатып алу қажет болғанда кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкіне» жүгінді. «Даму» қорын субсидиялау есебінен кәсіпкер үшін пайыздық мөлшерлеме жылына 6%-ды құрады. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында айырмасы субсидияланады. Сондай-ақ кепілдік жетіспейтін бөлігіне Қор кепілдік ұсынды.