menu
Жабу

Ас атасы - нан

Жаңалықтар
25.12.2023

Нан күн сайын сатылатын, сатып алатын, қажетті және пайдалы өнім. Сол себепті үнемі сұранысқа ие.

Кирилл Нарваның отбасылық бизнесі 2003 жылы басталды. Ол ісін нан, багет, каравай пісіруденбастады. Көп ұзамай «Чемпояш» брендімен қалыптап нан пісіре бастады.

Нан пісіруді ата-анам бастаған, ал мен олардың жұмысын жалғастырып отырмын, - дейді Кирилл Нарва.

Уақыт өтіп жатыр, өндіріс жабдықтарының мерзімі бітіп жатыр, кәсіпкер бизнесті кеңейту және ребрендинг туралы ойлады.

2023 жылы «Нарва» ЖК жабдықтар сатып алып, кондитерлік және нан пісіру өнімдерін өндіру бойынша өндірісті реконструкциялауға несие алды.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасының арқасында кәсіпкер «Банк ЦентрКредиттен» 21,75%-бен алған 75 млн теңге несиені тек 8%-бен төлейді. 13,75% айырмасы мемлекеттік субсидия. Сондай-ақ, несиеге 20% кепілдік берілді.

Енді павлодарлық өндірушілер «Bellissimo» брендімен кондитер өнімдері мен нан өнімдерінің басқа да түрлерін шығаратын болды.

2023 жылы компанияның Павлодар қаласындағы нарық үлесінің ұлғаюына және өнімге сұраныстың артуына байланысты кәсіпкер қосымша жабдық сатып алу арқылы өндіріс қуатын екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.

Павлодар қаласы, Ломов к-сі, 162/2

+7 (701) 965 69 00