Жезқазған қаласында көптен күткен қуаныш. Қалада «Аврора» остеопатия-косметология орталығы ашылды. Мұнда қала тұрғындарына тері, бет және дене күтімі бойынша сапалы қызмет көрсетілуде. Орталық иесі – Наталья Чуйкина. Кәсіпкерлікпен 2015 жылдан бері айналысып келеді.
Наталья Геннадьевна – Италияда косметология мамандығы бойынша диплом алған маман. 2 жылдан астам уақыт бойы ол пациенттің денесін үйлесімге келтіруге көмектесетін остеопатика техникасымен айналысып келеді. Өйткені остеопаттар денедегі кішкентай кілтипан бүкіл ағза механизмі жұмысын бұзады деп санайды. Денені ауыртпалықсыз жұмсақ остеопатикалық әдістермен түзетеді.
Орталық ашу үшін ЖК «Наталья» «Центр Кредит Банкке» жүгінді. Жоба «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы» аясында қолдау тауып, несие ішінара субсидияланды. Қарыз қаражаты құрал-жабдықтарды сатып алуға және алынған ғимаратты жөндеуге жұмсалды.
Наталья Геннадьевна жарақаттан кейінгі жұмыстың да шебері. Сынықтардан кейін қалыпқа келтумен де айналысады.
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Бейбітшілік көш., 9
Instagram: @cosmetolog_natalya08.76
Телефон: +7 776 130 55 62