Офтальмолог Асыл Ахметованың кәсіпкерлік жолы 2016 жылы Жылой ауданындағы «Жарқыра» оптика дүкенінің ашылуынан басталды. Қазір Құлсары қаласында үш оптикалық сауда нүктесі жұмыс істеп, тұрғындарға тиісті кеңестер мен медициналық көмек көрсетіпк келеді.
«Бүгінде ересектер де, жас ұрпақ та күн сайын компьютер, телефон және гаджеттерге көп уақыт жұмсайды, бұл көру қабілетінің нашарлауына әкеледі. Аудан тұрғындары тексерілу үшін Атырау қаласына бірнеше рет баруға мәжбүр болды, содан кейін мен жеке офтальмологиялық кабинет ашуды шештім»,-дейді кәсіпкер Асыл Ахметова.
Жабдықтарды сатып алуға өтінімді «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мақұлдады. Несие қаражаты «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қорының субсидиялау құралдары мен кепілдіктерін пайдалана отырып алынды.
Бүгінгі таңда жоғары санатты дәрігер Асыл Ахметова табысты кәсіпкер, арманын жүзеге асырып, адамдарға әлемді өз көзімен көруге көмектесіп келе жатқан жан.
Атырау облысы Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Танкибаев көшесі, 46
Instagram: @Zharkira_optica
+7 (775) 164 33 30