menu
Жабу

«Комета» компаниясы экологиялық таза озондалған ауыз су ұсынады

Жаңалықтар
29.12.2023

«Комета» ЖШС – экологиялық таза озондалған ауыз су шығаратын алғашқы отандық өндіруші. Ауыз су нарығын және республикадағы оған деген сұранысты зерттей келе, кәсіпорын Қазақстан нарығында өз қызметін бастады және 1997 жылдың сәуірінде экологиялық таза «Calipso» ауыз суын шығара бастады.

«Calipso» суы – тереңдігі 500 м. № 5036 артезиан ұңғысынан табиғи шығатын су. Жоғары тиімді технология мен жабдықты пайдалана отырып, көп сатылы тазарту циклінен (цеолиттік фильтр, полипропилен сүзгі, кері осмос жүйесі, озонизация) өтеді, табиғи дәм, қасиеттерін сақтай отырып, өте таза су алу мүмкіндік береді.

Компания 2022 жылы өнім ассортиментін кеңейтуді жоспарлады. Бұған өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнесті несиелендіруді көздейтін «Даму Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасы көмектесті. Соның арқасында «Еуразиялық банктан» алған қарыздың мөлшерлемесі 6%-ды құрады. Қаражат айналым капиталын толықтыруға жұмсалды.

Өндірістің кеңеюі бюджетке түсетін салық түсімдерін арттырады, импорт өнімдер көлемін азайтады және ЕАЭО елдеріне экспорттауға болатын алкогольсіз өнімдердің ішкі нарықтағы түрін әртараптандыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында бұрыннан бар жұмыс орындары сақталып, қосымша жаңа жұмыс орындары ашылды

Инстаграм: @calipso.water

+7 (771) 929-22-88

Алматы, Наманган көшесі, 43