Альбина Қабықбаева кәсіпкерлікпен 2012 жылдан бастап айналыса бастады. Бастапқыда зергерлік бұйымдарды бөлшек сатуды кәсіп қылды. Біраз уақыттан кейін Қазақстан нарығында зергерлік бұйым сатушылар көбейіп, бәсекелестер саны артықанын байқаған соң қонақ үй бизнесіне қарай ауысу туралы шешім қабылдады. Осылайша, 2018 жылы ЖК «Қабықбаева Альбина» жер учаскесін сатып алып, алғаш рет «Shahristan» қонақ үйін салды. Қонақ үй қаланың тарихи бөлігінде орналасқан.
2021 жылы Альбина Қабықбаева «Қазақстан Халық банкіне» екінші қонақүйін ашу үшін жүгінді. Бұл жолы ғимарат сатып алып, оны қайта жаңартуға қаржы керек еді. Банкке құжат ұсынған соң несие мақұлданды. Жобаны «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасының екінші бағыты аясында «Даму» Қоры несиені ішінара субсидиялап, кепілдік берді.
Несие мен мемлекеттік қолдау алғаннан кейін ЖК «Қабықбаева» Альбина жобасын сәтті жүзеге асырып, заманауи стандарттар бойынша жаңа қонақ үй кешенін ашты.
Тараз қаласы, Әйтиев көшесі, 91 А.
+7 775 572 72 66
Instagram: @bursahoteltaraz