info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Қазақстандағы KENAT брендінің эксклюзив дистрибьюторы

Жаңалықтар
29.12.2023

KENAT GROUP ЖШС – нарықта 2020 жылдан бастап жеңіл және жүк көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтерін көрсетіп келеді. KENAT Group ЖШС – шетелдік және отандық өндірістегі жеңіл және жүк автомобильдеріне арналған жағармай материалдары, авто қосалқы бөлшектер, сүзгілер, техникалық сұйықтықтардың барлық түрлері, аксессуарлар нарығындағы мамандарды біріктіретін компания. Қысқа мерзім ішінде компания жетекші еуропалық, америкалық және жапон авто май өндірушілерінің сеніміне ие болды. Сондай-ақ Қазақстандағы KENAT және Liman брендтерінің эксклюзивті дистрибьюторы. Компания ғимартты жалға алып жұмыс келе жатқандықтан, қызметті кеңейту және қызметтер көлемін ұлғайту үшін үй-жай сатып алуды шешті.

2023 жылдың жазында KENAT GROUP ЖШС «БанкЦентрКредиттен» 21,75%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оның 13,75%-ын мемлекет субсидиялайды, сондай-ақ Қор кепілдік берді.

Instagram: @kenat.kz

Сайт: http://kenat.kz/

Телефон: +77001810088

Мекен-жайы: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, А. Иманов көшесі, 52/1 ғимарат