Ұлттық экономика министрі Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды
Сапар барысында ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыров «Новопэк» ЖШС-де болды. «Новопэк» фабрикасы Көкшетау қаласындағы ең ірі өндіріс объектілерінің бірі және полимерлі қаптама нарығында көпжылдық көшбасшы. 2003 жылы негізі қаланған ол өңірлік деңгейдегі шағын фабрикадан ЕАЭО-ға қатысушы елдер аумағындағы ірі өнеркәсіптік кешендердің біріне дейін жетті. Кәсіпорын айына 10 млн қап және 200 мың «Биг-Бэг» типті контейнерлер шығарады. Австрия, Италия, Түркия және Тайваньдан заманауи жабдықтармен жабдықталған. Өндірісті жаңғырту үшін «Новопэк» ЖШС өңдеу өнеркәсібін қолдауды көздейтін мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау алып, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша несиесін ішінара субсидиялауға қол жеткізді. Зауыт өз өнімдерін Қазақстанмен қатар, Тәжікстанға, Өзбекстанға және Ресейге жөтелтеді.
ҰЭМ басшысы сонымен қатар, «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК коммуналдық кәсіпорнында болып, Ақмола облысының депутаттарымен және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде туризм субъектілері үшін салықтар, мал терісін сатушылар үшін арнайы салық режимін қолдану мүмкіндігі, импортталатын мал мен жабдыққа кедендік рәсімдер кезіндегі қаржылай жүктеме, өнімді ҚР аумағына әкелудің проблемалары талқыланды.
2023 жылдың он бір айында «Даму» Қорының Ақмола облысы бойынша өңірлік филиалы несие сомасы 37,3 млрд теңге болатын 341 субсидия шартына қол қойды. Кәсіпкерлердің 297 жобасы 7 млрд теңге кепілдік алды.