2021 жылы құрылған «Алтай орман» ЖК негізгі қызметі – ағаш кесу және сүргілеу.
Ағаш – құрылыс және жөндеу, ішкі және сыртқы әрлеу, жол төсеу және ландшафтты безендіруде үшін ең көп сұранысқа ие материалдардың бірі.
Ағаш кесу:
тангенциальді;
радиалды;
аралас болуы мүмкін.
Жиектелуі мен сапасына қарай тақталар кесілген, жартылай кесілген және кесілмеген деп жіктеледі.
Компанияның негізін қалаған Қайырбек Ысқақовтың мамандығы заңгер. Нарықты зерттей келе бизнеспен, оның ішінде ағаш кесу және сүргілеу ісімен айналысуға бел буды. Кәсіпті алғашында жиған қаражатына бастады.
Оның меншігінде ағаш сақтайтын қойма мен ағаш кесіп, сүргілеуге арналған жабдықтары бар. «Алтай орман» ЖК тауарлары мен қызметін негізінен ағаш сатып алатын жеке тұлғалар мен компаниялар пайдаланады.
Айналым қаражатын толықтыру қажет болғанда кәсіпкер «Fortebank»-тен 21,75%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында сегіз пайызды кәсіпкер төлейді, айырмасы – мемлекеттік субсидия. «Даму» қоры кепілдік те берді.
Өнімнің бәсекелестерден артықшылығы – оның жаңа заманауи жабдықта өндірілетіні, яғни сапасы әлдеқайда жоғары. Әр клиентке де жеке жағдай жасаймыз, — дейді Қайырбек Ысқақов.
Павлодар қаласы
Байланыс телефоны: +7 (771) 973 99 99