info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«ҮЛБІ-ЭЛЕКТРО ӨКФ» ЖШС - сорғы және электротехникалық жабдықтарды өндіруші

Жаңалықтар
04.01.2024

Импорт алмастыру бағдарламасы және өнеркәсіптік жабдықтар өндірісін құру жоспары аясында 2006 жылдың қазан айында құрылған «Үлбі-Электро» өндірістік-коммерциялық фирмасы» ЖШС сорғы және электротехникалық жабдықтар шығарып келе жатқан отандық өндіруші. Мұнда сумен жабдықтау, жылу энергетикасы, мелиорация, құрылыс және өнеркәсіпке арналған жабдықтар жобалып, жасалады. 

Атап айтқанда: көлденең консоль сорғылар, бір сатылы орталықтан тепкіш сорғылар, тік көп сатылы сорғылар, суасты дренаж сорғылары, TB және BS сериялы жоғары қысымды сорғы станциялары барлық қосылған тұтынушылардың қажетті су ағыны қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған жоғары технологиялық, сенімді және энергияны үнемдейтін жабдық. Станция пайдалануға дайын шағын моноблок түрінде жеткізіледі. Шығарылатын жабдық кез-келген күрделі және көлемдегі сумен жабдықтау мәселелерін шеше алады.

KMBS модульдік күшейткіш станциялары-жеке әзірлеудің, өндірудің және іске қосудың кешенді инженерлік шешімін ұсынады.

Компания «Банк ЦентрКредиттен» айналым қаражатын толықтыруға 21,5%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында кәсіпкер 8,75%-ын төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Қазіргі уақытта негізгі тапсырыс берушілер қатарында: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ, «Қазмырыш» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Алтыналмас АК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазақалтын» ТМК АҚ, «Қазхром» ТҰК АҚ бар. 

8 777 046 50 00

ШҚО, Өскемен қаласы, Абай даңғылы 102.