Екатерина Корнеева кәсіби еңбек жолын 2019 жылы «Дефектолог-олигофренопедагог» мамандығы бойынша бітірген соң бастады. Арманына қол жеткізіп, сүйікті ісімен айналысып, табысқа жетті. Бұл кейін кәсіпкерлікте де жетістік әкелді.
Екатерина алдымен әр түрлі сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға жеке логопедиялық сабақтар бере бастады. Оның ынта-жігері, адалдығы мен кәсібилігі ата-аналардың назарын тез аударды және келушілер саны артты. Кейіннен Екатерина сабақ өткізу үшін кабинеттерді жалға алды. Бірақ білім сапасын жақсарту үшін жеке ғимарат қажет болды.
Өз студиясын сатып алу үшін жас кәсіпкер мемлекеттік қолдауды пайдаланды. «Халық Банкінен» инвестиция үшін алған несиесін «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидиялайды. Кәсіпкер қарызын тек 8%-бен ғана төлейді. Сондай-ақ, бағдарлама аясында Қор несие сомасының 24,5%-ына кепілдік берді.
Бұл қолдаудың арқасында «Logopedmassage» студиясы ашылды.
Қазір бұл логопедиялық студия 2 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға көмек көрсетеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен сөйлеуді түзету, педагогтар мен ата-аналарға консультациялық көмек жүргізіледі.
«Logopedmassage» - бұл сөйлеуді үйрету ғана емес, сонымен қатар әр бала үшін толыққанды және бақытты өмірге апаратын жол.
СҚО, Петропавл қаласы, Букетов к-сі 14,
+7 701 394 83 58
Instagram: @logopedmassage
Эл.пошта: keitkat@mail.ru