info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Қалдықтардан құнды ресурс жасайтын компания

Жаңалықтар
16.01.2024

«Жанатехпром» ЖШС – стрейч пленка, полиэтилен орауыш, техникалық полиэтилен пленкасын, сондай-ақ скотч өндіретін отандық кәсіпорын. Полиэтилен – аса берік, ыңғайлы, химияның әсеріне төзімді және де бірқатар артықшылықтарға ие полимер материал. Сондықтан түрлі салада, соның ішінде орау өнеркәсібінде, пластмасса өндірісінде, ауыл шаруашылығында, құрылыста және т.б. кеңінен қолданылады.

«Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында серіктестік 2023 жылы «Bereke Bank»-тен несие аларда Қордың кепілдігін пайдаланды.

Қаражатты скотч таспасын өндіру көлеміне арттыру үшін жұмсады.

«Жанатехпром» зауытында шикізат өңдеп, полиэтилен өндіруге қажет заманауи жабдықтар мен технологиялар жеткілікті. Ол шикізатты жүктеуден бастап дайын өнімді алуға дейінгі өндіріс процесінің барлық кезеңдерін орындайды.

Полиэтиленді қайта өңдеу процесі полимерлеу, экструзия, қалыптау және т.б. сияқты бірнеше кезеңдерді қамтиды. Бұл операциялар әртүрлі өнім, соның ішінде пленка, пакет, құбыр, контейнер, пластик қаптамаларды және т. б. өндірісте пайдалануға болатын полимер материалды шығарады.

Зауыттың басты артықшылығы оның заманауи стандарттар мен нарық талаптарын ескере отырып, жоғары сапалы полиэтилен өндіру қабілетінде. Компания қоршаған ортаға әсерді азайту мақсатында тұрақты және экологиялық таза материалдарды пайдалануға, сондай-ақ өндірістің барлық нормалары мен ережелерін сақтауға ұмтылады. 

Қарағанды қаласы, Есіл көшесі, 3/1

+ 7 (776) 544 87 18;

электрондық пошта: info@zhanatech.kz

сайт: https://zhanatech.kz/