Исаханова Шолпан Стаханқызы Семей қаласының сол жағалауынан «Бауырсақ» деп аталатын наубайхана мен кондитерлік цех ашты. Бизнеске келуі кездейсоқтық емес. Шолпан бала кезінден ас пісіріп, тәтті-дәмді дайындауды ұнататын. Кәсіп ашарда ыңғайлы орын тауып алған Шолпан Стаханқызы қысқа уақыт ішінде оны наубайханаға айналдырды.
Тек үздік және табиғи ингредиенттерді пайдалану, сондай-ақ өз клиенттеріне жеке көзқарас – наубайхананың табысты болуының құпиясы.
Цехтың жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру және жабдықтар сатып алу үшін кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкінен» «Даму Өндіріс» бағдарламасы аясында жылына 6%-бен жеңіл несие алды.
Қазір наубайхана бірегей авторлық рецептпен шығатын өнімдер ассортиментін кеңейту жолымен дамуып келеді.
Абай облысы, Семей қ., Әуезов даңғылы, 45