info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Alem Park» отбасылық демалыс саябағы

Жаңалықтар
11.01.2024

Мәдениет және демалыс саябақтары әрқашанда бұқаралық саяси, мәдени-ағарту, дене шынықтыру міндетін атқарып келеді.

«Семейный парк развлечений» ЖШС 2021 жылдың 18 тамызында тіркелген. Негізгі қызметі демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсету болып табылады.

Компания ашқан «Alem Park» отбасылық демалыс саябағының ерекшелігі – ересектерге де, жасөспірімдер мен балаларға да көңіл көтеруге және демалуға арналғандығында. Батуттардың түр-түрі, ашық алаңқайдағы спорт ойындары орындары, шағын карусельдер, лабиринттер, арқан аттракциондары бар саябақ жыл бойы жұмыс істейді. Қыста мұз айдыны, қысқы батуттар, сырғанақтар және тағыда басқа да көңіл көтеру аттракциондары орнатылады.

Компания «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы инвестиция үшін қаржы алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылына 19 пайыздың 13 пайызын құрайды. Қаражат Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшамауданы, Сәкен Жүнісов, 340/42 мекенжайында орналасқан ауданы 4,75 га жер телімінде «Alem Park» отбасылық демалыс саябағының құрылысына жұмсалды.

«Семейный парк развлечений» ЖШС аймақ экономикасын, оның өндірістік қуатын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуде.

Инстаграм: @alem.park

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшамауданы, Сәкен Жүнісов, 340/42

Байланыс телефоны : 8-775-554-40-71