menu
Жабу

Түйіршікті тыңайтқыштар – күрішке жаңа өмір сыйлайды

Жаңалықтар
11.01.2024

Аммоний сульфат минерал тыңайтқышы азот тыңайтқыштарының түрі ретінде ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Тыңайтқыштың бұл түрін ұнтақ (кристалды) күйінде қолдану оның пайдалану процесін едәуір қиындатады. Аммоний сульфатының қасиеттері түйіршіктелгенде жақсарады. Түйіршіктер кәдімгі ұнтаққа қарағанда әлдеқайда жақсы сақталады (кеппейді, жабыспайды), сусымалы (топыраққа себу және мөлшерлеу ыңғайлы), түйіршіктер ұнтаққа қарағанда ауыр (желге ұшпайды, жұмыс кезінде ыңғайлы).

Құрылыс жұмыстарын жүргізу және тыңайтқыштарды түйіршіктеу зауытын іске қосу үшін жабдықтар сатып алуға «Агрохимсервис-С» ЖШС «Қазақстан Халық Банкінен» несие алып, «Даму» Қорының қолдауымен «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында ішінара субсидиялады.

Қазір компанияның сатып алушылары қатары көбейді. Өйткені тыңайтқыштардың бұл түрін облыстың күріш өсірумен айналысатын барлық шаруашылықтары пайдаланады. Компанияның минерал тыңайтқыштар сатуда 20 жылдық тәжірибесі бар. Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап түйіршікті тыңайтқыштар өндірісінің басталуына байланысты компанияның қаржы айналымы ұлғайды.

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш ауылы, Нефтебаза к-сі, 37

тел: +7 777 260 8221