Қазір үйде піскен тағамдарды тұтынушыға жеткізіп беретін қызметтерге сұраныс көп және өз артықшылығы бар. Кейде үй иесі қонақтарды ерекше әрі дәмді тағаммен таңғалдырғысы келеді. Көшпелі банкет, кейтеринг, фуршеттер жеткізу және ұйымдастыру қызметі осындайда көмекке келеді.
Кәсіпкер Гүлзада Ізбасова осы салада бизнес ашқанға дейін көп жыл бойы қонақ үй бизнесінде, қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істеді. Онда жинаған тәжірибе оған аспаздық өнімдер пісіретін және үй тағамдарын тез жеткізетін цех ашуға мүмкіндік берді.
«Инфинити-19» ЖК тіркеп, жұмыс істей бастағанда құрал-жабдықтар сатып алу қажет болып, бірден жобасын «Банк Центр Кредитке» алып келіп, несиеге өтінім берді. Банктен 21%-бен алған қарыздың 16%-ын «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидиялап, қолдау көрсетті. Кәсіпкер тек айырмасын ғана төлейді. Мұнымен қатар «Даму» Қоры ұсынған кепілдік сомасы 37,0 млн теңгені құрады.
Қазір «ASTIME» орталығы кез-келген іс-шара, салтанатты кештерде дастарханың көркін келтіріп, безендіріп, жаңа піскен тағамдардың түр-түрін ұсынады.
«Мемлекеттік қолдаудың арқасында компания жаңа жоспарлар құруға мүмкіндік алады. Болашақта батыс өңірлер бойынша филиалдар ашуға ниеттіміз»,-дейді компания басшысы Гүлзада Ізбасова.
Атырау қаласы, Сәтбаев көшесі, 5 г
Инстаграм: @astime.kz
+7 7016712144