Монша – демалу мен тәнді сауықтырудың танымал тәсілі. Моншаның қызуы ағзада көп уақыт бойы жиналған зиянды заттардан арылуға көмектеседі. Моншаға сауатты түсу – ең күшті детокс процедура, суық тиюді емдеудің жақсы тәсілдерінің бірі. Алайда, өзіне сауна салып алуға әр адамның мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан мұндай орындарға сұраныс мол. Ендеше монша – бизнесте де табыс әкелетін бағыт.
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында «Төрт ағайын» ЖК иесі Мәдиев Қуанышбек Қожантайұлы тамаша монша кешенін ашқан. Мал шаруашылығы және жанға рахат сыйлайтын осы қызметпен (сауналар мен бу бөлмелері, массаж салондары) кәсіпкер 2022 жылдан бастап айналысып келеді.
Коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатында кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкінен» несие алып, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында қарызын ішінара субсидиялады.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңіл қаржыландырудың арқасында қазір Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылынан коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алды.
Қазір мұнда орыс, түрік моншасы сияқты моншалардың түрлері жұмыс істеп тұр, бассейн, бильярд үстелдері, массаж және пиллинг қызметтері, кавказ және өзбек асханасы мен бар.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, 14 квартал, 36 ғимарат
тел.: +7 (778) 012 77 76, +7 (700) 086 40 40