menu
Жабу

Бала біліміне салынған инвестиция – болашаққа қосқан үлес

Жаңалықтар
15.01.2024

Мектеп – шексіз білім әлемі! Көп уақытын өткізетін және әр оқушы үшін екінші отбасы. Мектепте олар шынайы достар табады, білім алады және өмірге араласуды үйренеді.

Биыл 12 қаңтарда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған күніне орай Шымкент қаласында 3500 орындық «Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебі» салтанатты түрде ашылды. Рәсімге ЖАО өкілдері, депутаттар, Шымкент қаласы бойынша «Даму» Қорының және «Банк ЦентрКредит» АҚ басшылары қатысты.

«Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы орта мектебі» – әр баланың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес ішкі әлеуетін жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған мектеп.

Жаңа және заманауи мектеп оқу кабинеттерімен, асханамен, кітапханамен, акт және спорт залымен жабдықталған. Сондай-ақ 20-ға жуық үйірмелар бар: теннис, робототехника, шахмат, бокс, еріктілер клубы, би және т. б.

«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында мектеп 2023 жылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен мектеп құрылысына жылдық 21,25%-бен қаражат алды, оның 14,25%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды. Сондай-ақ, кепілдің жеткіліксіз бөлігіне «Даму» Қоры несие сомасының 49%-на өз кепілдігін ұсынды.

«Біз оқушыларға сапалы және жан-жақты білім беруге, мекемеде қауіпсіз және жайлы болуды қамтамасыз етуге міндеттенеміз. Мектеп этикетке, ата – аналарға құрмет пен патриотизм рухына қатысты баланың дұрыс адамгершілік тәрбиесіне ерекше назар аударатынын атап өту маңызды», - дейді мектеп директоры Қазбек Қашқабаев.

Мекенжайы: Шымкент қ., Нұрсәт-2 м/ауданы, 621 ғим.

Телефон: 8-707-413-34-62, 8-775-196-62-09.