menu
Жабу

NOVA MEBEL – тұтынушы армандаған жиһаз

Жаңалықтар
15.01.2024

Қостанайлық кәсіпкер Төлеген Бейсеновтің басына бір кездері ауқымды кәсіпорын иесіне айналары кіріп те шықпаған еді. NOVA MEBEL компаниясы экономнан премиумға дейін тапсырыс қабылдап, кесуден қасбет өндірісіне дейін өзі толық орындап бере алады. Бұл – отбасылық бизнес. Төлегенге жұбайы Шолпан көмектеседі.

Дәл осы салада бизнес ашу идеясы Төлегенге аяқ асты келді. Оған дейін ол Астанадағы зауытта екінші разрядты токарь, кейіннен Қостанайдағы зауытта инженер-конструктор болып жұмыс істеді. Дегенмен, ол өзіне ғана емес, елге де қуаныш сыйлайтын, сонымен қатар табыс әкелетін кәсіп ашқысы келетін. Жиһаз фабрикасы жайлы идеясы осыдан туды. Төлеген алдымен жиһаз жасау ісін үйренуді мақсат етіп қойып, үйренді және шағын шеберхана ашты. Алғашқы жиһазын сол кездегі қыз Шолпанмен бірге жалға алған гаражда жасай бастады. Ол ағаш араласа, Шолпан жиһаз жиегін қыздырып, әдіптеуге көмектесті. Бос уақытында кіре берістерге жарнама парақшаларын жапсыруға жәрдем беретін. Сол сәттерден бастап екеуінің кәсібі дөңгеленіп жүре берді. Бүгінде Бейсеновтердің сол ісі сәтті болды деп сенімді түрде айта аламыз. Қазір компанияда: материалдарды кесу цехы, құрастыру, фрезерлеу, бояу цехы, тегістеу цехы және пленкалы МДФ өндіру цехы деп аталатын 6 цех бар. Ал 2023 жылы компания штатын 3 есеге арттырып, жаңа кеңсе ашты. Компания жиһаздың барлық түрін жасайды.

«Қазір дайындаған дүниелерімізге қарап және клиенттерімізден фото және видео мақтаулар келген сайын жұбайым екеуміздің осы жолдағы көрген қиындықтарымыз бекер емес екенін түсінем. Оңай болған жоқ, бірақ біз әрқашан алға ұмтылдық. Өйткені, біздің компанияның ұраны: «қандай жағдай болмасын клиент риза болуы керек!». Ал жиһаз индустриясында қабырға қисық, төбе тегіс емес, тоқ көздері дұрыс орналаспаған және т. б. сәттер кездесіп тұрады»,- дейді Төлеген.

Компания 2022 жылғы қараша мен 2023 жылғы маусымда «Банк ЦентрКредит» пен «Банк Фридом Финанс Қазақстаннан» несие алып, «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені ішінара субсидиялап, несие сомасының 85 пайызына кепілдік алды.

Соның арқасында ПВХ пленкасында МДФ қасбеттерін жасайтын вакуум пресс сатып алды және бизнесте тағы бір жаңа бағытты – пленкалы МДФ қасбеттерін өндіруді бастады. Компания мемлекеттік бағдарлама аясында сатып алған алғашқы жабдық – жиһаз бөлшектерінің ернеуіне жиек материалын жабыстыруға арналған, автоматты түрде реттелетін, желім жағатын және жиекті басатын, берік және эстетикалық тартымды біріктіретін итальяндық 8 тораптық машина.

Содан кейін компания мемлекеттік қолдауды қайта пайдаланып, тағы да бірнеше жабдық сатып алды. CNC фрезер-гравюра машинасы –жоғары дәл 2D және 3D фрезерлеу үшін, сондай-ақ әртүрлі материалдар бойынша гравюра жұмыстары үшін қолданылады. Сондай-ақ, компания форматты кесу машинасын, CNC элементтері бар бұрғылау және толтырғыш машинаны сатып алды. Жаңа жабдық компанияға өндіріс қуатын арттыруға және өндірілген жиһаздың сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

ЖК «Бейсенов Төлеген Базылханұлы»

Қостанай қаласы, Победа көшесі, 49 А

Тел: +7 (705) 313 84 85; +7 (705) 126 12 58

@nova_mebel_kostanay

https://novamebel.kz/