menu
Жабу

Тиімділік. Ашықтық. Тұрақтылық

Жаңалықтар
16.01.2024

«МК Евразия-Агро» компаниясының негізгі қызметі – «QAZAQ FOOD», «EVRAZIYA», «Алтай ұны» брендімен ұн өндіріп, бидай кебегін саудалау.

Компанияның тәулігіне 150 тонна бидай өндіретін ұн тарту кешені, дайын өнімді сақтауға арналған кең қоймалары, темір жол кірме жолдары, заманауи зертханасы бар.

«МК Евразия-Агро» ЖШС өндіретін ұнды нан тұтынушылар тұрақты сапасына орай жоғары бағалайды. Ұнның күшті глютені және өлшенген гранулометриялық құрамы бар. Мұндағы ұн тарту өндірісін басқарудың заманауи компьютерлік жүйесі ұн өндірісінің барлық кезеңдерін бақылауға мүмкіндік береді.

2020 жылы компания «Лидер отрасли 2020 - яркое сияние триумфа нашего предприятия» сыйлығын алды.

2023 жылы «МК Евразия-Агро» ЖШС айналым қаражатын толықтыруға «First Heartland Jusan Bank» АҚ арқылы жылына 21,75%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында оның 13%-ын мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» Қоры кепілдік берді.

Компания өнімдері дүкендерде және ірі сауда желілерінде сатылады. «МК Евразия-Агро» ЖШС еліміздің көптеген өңірлерінде ауқымды іскерлік байланыстарға ие. Өнім сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс-компанияның басым бағыттарының бірі. Жылдан жылға компания өз өнімдерінің сапасын жақсартуға тырысады.

Павлодар, Ленин кенті, Отырар көшесі, 1

Телефон: +7 771 164 02 28