menu
Жабу

Петропавлда омыртқа жарығын отасыз емдейтін медициналық орталық жұмыс істейді

Жаңалықтар
19.01.2024

Базарбеков Жанұзақ Қалымбекұлы спорт дәрігері болып жұмыс істей жүріп, спорттық жарақаттарды массаж жасап, мануал терапия арқылы тез қалпына келтіруге болатынын көріп, талай оң нәтижелерді байқаған. Бұл оны елордадағы дәрігерлердің біліктілігін арттыру институтында хиропрактор мамандығын игеріп, лицензия, сертификат алуына итермеледі. Уақыт өте келе емдеу-дене шынықтыру кабинеті мен күндізгі стационарға дейін кеңейген өзінің массаж кабинет ашты.

«Help clinic» медициналық орталығы қазір пациенттерге тиімді, қолжетімді ем ұсынады. Компания хирургиялық әдіссіз омыртқа жарығын емдеп, алдын алуға маманданған.

Мемлекеттік тапсырыс аясында қала және облыс тұрғындарына тегін қызметтер көрсетеді, мануал терапия, неврология ауруларын емдейді. Оның ішінде остеохондроз, радикулит, сколиозды емдеу, омыртқаны созу, массаж жасайды.

Медициналық орталық ашу үшін үй-жай сатып алу қажет болғанда «Help clinic» медициналық орталығы құрылтайшысы несие алып, «Даму» Қорының несие сомасының 8,3% мөлшеріндегі кепілдігін пайдаланды.

2023 жылы компания жоғары жиілікті магнитотерапия аппаратын сатып алу үшін тағы да мемлекеттік қолдау алу үшін Қорға жүгінді. Осылайша, Жанұзақ Қалымбекұлы «First Heartland Jusan Bank»-тен 21,75%-бен несие алды. Оның 8%-ын «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында өзі төлейді, ал айырмашылықты «Даму» Қоры субсидиялайды.

Петропавл қ-сы, А. Шажимбаев к-сі, 139

+7 (775) 818 18 41; +7 (708) 432 13 89

Instagram: @help_clinic_petropavlovsk_sko

Желі: http://helpclinic.skom.kz/