Ағаш ұстасынан кәсіпкерге дейін

Жаңалықтар
26.01.2024

ЖК «Назаренко Вячеслав Николаевич» кәсіпкерлік қызметпен айналысқанға дейін Степногорск қаласының жөндеу-құрылыс басқармасында ағаш ұстасы болып жұмыс істеді. 2002 жылдың қарашасында ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жиһаз жасаумен айналысты. Өз қаражатына 140 мың теңгеге үй-жайды жалға алып, құралдар мен шығын материалдарын сатып алды. Негізгі мамандарды, соның ішінде дизайнер-жобалаушы жалдады. Вячеслав Николаевич өндіріс процесін жеке өзі бақылап, маркетинг, клиенттермен жұмыс істеуді өзі атқарды. Оның «Жиһаз үйі» цехы Степногорск қаласында жиһаз өндіретін алғашқы кәсіпорын.

«Сол жылдары мемлекет маған үлкен көмек қолдау көрсетті. Қала бюджетінен жеңіл несие алып, кейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен екінші рет жеңіл несие алдым. Бұл қаржыға құрал-жабдықтар мен материалдар сатып алдым. Бұл жоғары сапалы жиһаз шығаруға мүмкіндік берді», - дейді Вячеслав Николаевич.

Өндіріс өскен сайын дайын жиһаздың, материалдардың және өндірісте қолданылатын арматураның үлгілерін көрме ретінде қою қажет болды. Табылған ақшаға материалдардың ассортименті сатып алынып, жиһаз үлгілері жасалды. 2010 жылы Ж.К Назаренко В.Н. қосымша орын жалдап, жөндеу жұмыстарын жүргізді, витриналармен және сөрелермен жабдықтады.

2014 жылы ЖК Назаренко Jusan Bank-тен несие алып, шеберхана ғимаратын сатып алды. Несиені «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Даму» қоры субсидиялады.

2022 жылы кәсіпкер коммерциялық және өндірістік үй-жайларды кеңейтуді шешті: ғимараттың бір бөлігін жөндеуден өткізіп, кеңейту жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатта Ж.К.Назаренко В.Н. Jusan Bankінен қаржыландыру алды. «Даму» Қоры кәсіпкерге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында несиені қамтамасыз ету және пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға кепілдік берді.

«Мен өзімді әлі табысты деп, санамаймын. Біздің шағын Степногорскта бір көзден пайда табу қиын. Өндірістің әртараптандырылуы көмектесетін бірден-бір нәрсе: тапсырыс бойынша жиһаз, дүкенге арналған жиһаз, қасбеттерді жасау, кесу және тігу тұрақты тұруға көмектеседі», - деп бөліседі Вячеслав Николаевич.

Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 2 ш/а, 13E.

Instagram: @dom_mebeli_step