Кофе ішетіндер саны күннен күнге көбейіп келеді. Соған орай кофе дайындап, сататын орындар саны да жер-жерде артуда. Сусын ішу мәдениеті де өзгерген. Қазір жұрт жерде кофені өзімен бірге ала кетеді. Қала тұрғындарының көпшілігінде қарбалас тіршілік, уақыт аз. Жақсы кофе пісіретін кофеханаларға баруға әрқашан мүмкіндік бола бермейді. Осыдан барып ыдысқа сусынды ыстық күйінде құйып беретін арнайы бизнес-модель пайда болды.
Жеке кәсіпкер Дроздова Нелли Валерьевна 2003 жылдан бері бизнесте. Дәл осы кофесүйерлер көбейгенін және Талдықорған қаласында мұндай орындар тапшы екенін байқаған соң шағын кофехана ашу идеясы келді.
Нелли Дроздова «First Heartland Jusan Bank»-тен несие алып, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында мөлшерлемесін 8%-ға дейін түсіріп субсидиялады. Сондай-ақ бағдарламаның бірінші бағыты аясында «Даму» Қорының кепілдігін де алды.
Кофеханада экспрессо, американо, капучино, латте және т.б. сияқты хош иісті кофе мен шайдың мол ассортименті бар.
@parmesan_coffee
+7 705 507 27 51
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ш / а. Қаратал 4а