info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

КосАгроКоммерц компаниясы минерал тыңайтқыштар мен пестицидтер ұсынады

Жаңалықтар
30.01.2024

«КосАгроКоммерц» компаниясы 1995 жылдан бастап минерал тыңайтқыштар сатумен айналысады. Қазақстан нарығында жұмыс істеген 30 жыл ішінде еліміздің түрлі өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы секторы мен көгалдандырушылар арасында сенімді серіктес ретінде танылды Компанияны минерал тыңайтқыштар сарапшысы деуге де боалды.

Компания клиенттерге:

• Тыңайтқыштардың ең жақсы түрлерін: топыраққа себебін түйіршіктелген, фертигация және жапыраққа бүрку үшін суда еритін.

• Танымал әлемдік өндірушілердің премиум сапасы, ынтымақтастық.

• Тамақтану бағдарламаларын жеке таңдау және өсімдік шаруашылығы бойынша сарапшылардың кеңестері.

• Агробизнестегі ғылыми тәсілдің арқасындағы тұрақтылық және нәтижелілік.

• Топырақты, суды, жапырақтарды және жемістерді қысқа мерзімде жеке агрохимиялық зертханада талдау.

• Ұсақ фермерлерге ыңғайлы болуы үшін ұсақ көтерме және бөлшек тыңайтқыштармен және мүкәммалмен беретін агромаркет.

• Тиімді өсімдік шаруашылығы бойынша білім арттыру масқатындағы агроорталық мектебін ұсынады.

Компания дистрибьюторлық және көптеген әлемге әйгілі агрохимия өнім өндірушілерімен көпжылдық серіктестік орнатқан. Сондай-ақ, Республиканың барлық өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минерал тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын тікелей жеткізеді.

Тауар түрлері кез келген агротехнологияға арналған (топыраққа және тамырдан тыс) тыңайтқыштарды қамтиды, яғни өсімдіктерге әсер ететін барлық агрохимия спектрін ұсынады. Сондай-ақ өсімдіктерді қоректендіретін жүйелі тәсіл ұсынады және өндіруші зауыттарда технологиялардың жетілдірілуіне қарай ассортиментті жыл сайын жаңартып отырады.

КосАгроКоммерц – жоғары сапалы өнім алу үшін тыңайтқыштарды жеткізу проблемаларын мінсіз шешетін кәсіпқойлар командасы. Компания қызметкерлердің кәсіби деңгейін, өнімдер мен қызметтердің сапасын үнемі арттырып отырады.

2022 жылы компания «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында айналым қаражатын толықтыруға, атап айтқанда одан әрі тыңайтқыш өндіру үшін шикізат (кальций нитраты және минералдық тыңайтқыштар) сатып алуға несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ қолдауына ие болды. 

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Қосқұдық ст., Химбаза

Сайттар: www.kosagro.kz, kosagro.com.kz

Инстаграм: @kosagro.kz

Сату бөлімі: +7 (747) 911–30–33, +7 (727) 339–09–39