menu
Жабу

Тараз қаласында «Өмір медициналық орталығы» қолдау тапты

Жаңалықтар
22.01.2024

Тараз қаласындағы «Өмір» медициналық орталығы 2012 жылдан бері жұмыс істеп тұр.

«Өмір» – халық үшін жоғары сапалы медициналық қызметтердің көп түрін ұсынатын көпсалалы заманауи медициналық орталық. Стационарда, сондай-ақ ересектер мен балаларға әртүрлі салада консультация-диагностикалау бойынша медициналық көмек көрсетеді. Оның ішінде: клиникалық, зертханалық диагностика, УДЗ-диагностика, электроэнцефолография (ЭЭГ), артериядағы қан қысымын тәулік бойы бақылау (СМАД), жоғары сапалы медициналық оңалту, физиокабинет, емдік массаж бен аурулардың алдын алу кабинеттері жұмыс істейді.

2023 жылы компания кеңес алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгініп, медициналық орталыққа жабдықтар сатып алу үшін қолдау сұрады. Бизнеске арналған мемлекеттік бағдарламалар жайлы консультация алғаннан кейін компания «Forte Bank» АҚ-да қарыз алды. Жоба «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында қолдау тауып, пайызы ішінара субсидияланды.

Осылайша, қаражат алғаннан кейін кәсіпкер медициналық орталықта сапалы қызмет көрсету үшін ең соңғы үлгідегі жабдықты сатып алды.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жүнісалиев көшесі, 16 үй

Instagram: @klinika_omir

Телефон: +7262-45-05-33; +7777-430-31-70