info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«BELLA MEBEL» дизайнерлік жиһаз шығарады

Жаңалықтар
23.01.2024

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында «BELLA MEBEL» брендімен өнім шығаратын жиһаз фабрикасы 2017 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істеп тұр. Бүгінде компания Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі жиһаз нарығында өз орнын ойып тұрып алды деуге болады. Бұл отбасылық бизнеске Дилдора Нуриддинова көп кәсіпкерлер сияқты саудадан келді. Бастапқыда олар Сербия мен Италияда жасалған жиһаздарды көтере сатумен айналысатын.

Жиһаздың түр-түрін көріп жүріп олар осындай дүниелерді өздері шығаруға бел буды. Нәтижесі жаман емес. Қазір фабрикада жүзден астам білікті маман жұмыс істейді. Жұмсақ жиһаздың көп түрі шығады. Арзаны да қымбаты да бар. Яғни, тұтынушы қалтасына қарай кез келген үлгіні таңдай алады.

«BELLA MEBEL» жиһаз фабрикасындағы «Заманауи», «Неоклассика», «Дәстүрлі классика», «Прованс» және «Винтаж» секілді стильдегі 120-ға жуық жиһаз түрі жоғары өнімді неміс, италия жабдықтарында, заманауи материалдарды қолдана отырып жасалады.

Компания жиһаз өндірісіндегі айналым қаражатын толықтыру үшін жылына 21,75%-бен 2022 жылы «ForteBank»-тен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында оның 13,75%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.

«Жоғары сапа, заманауи дизайн, қолайлы бағалар, ең бастысы сатып алушылардың ризашылығы – біздің бизнесіміздің басты құндылығы. Бүгін біз дайын өнімді Әзірбайжан, РФ және Өзбекстан сияқты елдерге экспорттаймыз», - дейді зауыт директоры Дильдора Нуриддинова.

Дүкендер мекенжайы: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент а., Жібек Жолы көшесі, 165.

Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі, 197

Шымкент қаласы, Тәуке хан көшесі, 140

Шымкент қ., Добрый көшесі, 133

Телефон: +7-701-804-99-66, +7-775-403-99-00

Email: info@bellamebel.kz