Терезелер шығаратын бизнесі

Жаңалықтар
24.01.2024

ПВХ-дан терезе жасап шығару нарығында бәсекелес көп және табысқа жету үшін белді бекем буып, тәуекелге бару керек. Сонымен қатар бұрын ешкім жасамаған дүниені істеуге тырысу керек.

«Сол себепті «ВДФ Про» компаниясы алғаш рет өз өнімдерін онлайн сата бастады. Кейіннен қызмет көрсету мен қызметкерлерді оқытуға баса назар аударды»,-дейді Әсел Қайранбақытқызы.

«ВДФ Про» ЖШС 2020 жылдың басында тіркелді. Негізінен металл есік-терезе шығарады. Компания өз қызметін алюминий және пластик профильдер сатудан бастады. «ВДФ Про» ЖШС – әйгілі RUIT және galwin брендтерінің Алматы қаласындағы ресми және жалғыз өкілі.

Компания сонымен қатар: Rossi, Verde, Vitro, Officium, Fores және Nedex брендтерін де сатады. 2021 жылдан бастап пластик және алюминий есік-терезелерді шығарып қана қоймай, апарып орнатып беру қызметін де қосты

Айналым қаражатын толықтыруға қаржы қажет болғанда компания «Bank RBK»-ден «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында жылына 6 пайызбен жеңіл несие алды. Пайызы төмен несиемен қатар, компания банкке ұсынатын кепілзаты аз болған кезде «Даму» қорының кепілдігін де пайдаланды.

Қарыз қаражаты алюминий және пластик терезелер шығаруға қажет шикізат сатып алуға жұмсалады. «ВДФ Про» ЖШС аймақ экономикасын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде.

Инстаграм: @wdfpro

Алматы қаласы, Бродский көшесі, 37а

+7 700 399 03 63