Балабақша – бала өміріндегі отбасынан кейінгі орынағы екінші әлеуметтік институт. Бала дамитын, оқитын, айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасаудың қажетті дағдыларын үйренетін жер.
«Сыр-Балажан» бөбекжайы 10 жылдан бері кішкентай қызылордалықтарды тәрбиелеп, дамытумен айналысып келеді. Балабақша директоры Бахит Ахунбаева балаларға деген зор сүйіспеншілігін сүйікті кәсібіне айналдырғанын айтады. Әр балаға ерекше қамқорлық жасалып, жеке-жеке көңіл бөлінетін, білім беру бағдарламасы ең жоғары талаптарға сай келетін балабақшаны ол 2014 жылы ашты. Мұнда балалар үшін қызықты әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
Балаларды ыңғайлы және қауіпсіз тасымалдау үшін балабақшаға автокөлік қажет болған кезде «Сыр-Балажан» бөбекжайы «Банк ЦентрКредиттен» несие алып, «Даму» Қорынан «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында субсидия түрінде қолдау алды.
«Сыр-Балажан» бөбекжайы – 100-ден астам ата-ана баласын сеніп қалдыратын орын. Кәсіпқойлық пен балаларға деген сүйіспеншілік тоғысқан таңғажайып мекеменің тәрбиешілері теңдесі жоқ атмосфера қалыптастырған.
Балалар диетолог маман ұсынынған мәзір бойынша күніне бес рет тамақтанады. Ағылшын тілі, нейрологопедия, вокал, би, таэквондо, және тағы басқа да сабақтар тұрақты жүреді.
Қызылорда қаласы, М. Шоқай көшесі, 180
тел: +7 701 988 22 48;
инстаграмм: @syr.balazhan.kzo