Ақтөбе қаласында балаларды оңалту орталығы қолдау алды

Жаңалықтар
24.01.2024

Қазір Ақтөбе облысында 18 жасқа дейінгі 256 мыңға жуық бала бар. Туу көрсеткіші жыл сайын 11,7%-ға артып келеді. Статистика бойынша, соңғы 10 жылда тілі кеш шығатын, мүкіс немесе сөйлей алмайтын балалар саны артып келеді. Тәжірибелі мұғалімдер логопедтің көмегіне мұқтаж бірінші сынып оқушыларының саны бірнеше есе өсті дейді. Логопедиялық проблемалар баланың оқуы барысында қиындық туғызады.

Кәсіпкер Гүлбану Қалиева – жоғары педагогикалық білімі және балабақшада 30 жылдан астам жұмыс өтілі бар маман. Өз жақсы білетін салада «Тұман» атты балабақша ашқан.

Жобасының негізгі идеясы – жеке медициналық оңалту орталығын ашу болатын. Орталық 1 жастан 13 жасқа дейінгі балаларды оңалту, қалпына келтіру шараларын ұсынады. Медициналық, психологиялық, педагогикалық, кәсіби шаралар кешені балалардың анық сөйлеп кетуіне сеп болып, тілінің кемшіліктерін емдеп, бақылап, оңалту, түзетуді көздейді. Мұнда нақты бір саланы игерген мамандар жұмыс істейді. Мысалы:

  • Психикасы мен сөйлеуі кешеуілдеген бар;

  • Уақытында сөйлей алмаған;

  • Аутизм диагнозы бар (1-2 дәреже)

  • Орталық жүйке жүйесінің перинатал патологиясы

  • Өзіне назар аударуды қалайтын және гиперактив балаларды емдейтін білікті мамандар бар.

Баланың тілін шығару, анық сөйлеуін жолға қойып, қалыптастыру үшін шыдамдылық пен табандылық қажет. Бүгінде облыста балалар дефектологиясы мен рефлексологиясы бойынша жұмыс істейтін орталықтар өте аз. Кәсіпкер Гүлбану Қалиева дефектолог дегенде тәжірибелі маман болғандықтан, орталық ерекше концепциямен жұмыс істейді дейді. Оңалту курсы 12-15 сабақтан тұрады. Нәтиже шығару үшін ем-профилактика курстарын патологиясына қарай кем дегенде 3-5 рет қайталау керек. Ұзақтығы 10 күннен 1 айға дейін болуы мүмкін.

Кәсіпкер бұрын салған ғимаратты жөндеп, жабдық сатып алу үшін «ForteBank»-тен 19,5%-бен несие алды. Жобасы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында қолдау тауып, қарызын қазір 6%-бен төлейді. Айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Гришин көшесі 45 Б

Телефон: +7 700 534 33 48

Instagram: @reacentr_aktobe