Жаңа технологиялар, білім беру процесін цифрландыру, жасанды интеллект. Бұның бәрі өмірімізді жылдам өзгертіп жатыр. Әр ата-ана баласының сапалы білім алып, тұлға ретінде қалыптасуына мүдделі. Бүгінде мемлекеттік мектептермен қатар жекеменшік мектептер де көбейіп, дамып келеді.
2023 жылы Асхат Әбжановтың үлгі типі бойынша (психолог, отбасылық коуч, ізгілік педагогика мұғалімі, балаларға арналған көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы) Атырау қаласында «Zhana Urpag» атты ұлттық көшбасшылық бастауыш мектебі ашылды.
Қазір мұнда 120-дан астам бала білім алып жатыр. Қазақ және орыс тілінде оқитын оқушылар 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар білікті педагогтерден білім алады. Сабақтар мемлекеттік білім беру мектеп бағдарламасына сәйкес өткізіледі, сыныптағы оқушылар саны 15-20 баладан аспайды. Мектепте 4 рет тамақтану, қосымша сабақтар, үйірмелер және ұзартылған күн топтары қарастырылған, сондай-ақ, ата-аналардың келісімі бойынша сыныптан тыс іс-шаралар (көшпелі танымдық экскурсиялар және т.б.) өтіп тұрады.
Мектептің инфрақұрылымында медициналық кабинет, кітапхана, спорт, акт залдары, жеке тұлғаны дамыту және балаларды қалыптастыру үшін барлық қажетті заттар қарастырылған.
«Дария» ЖК инвестиция қажет болғанда «Forte Bank»-тен 21,75%-бен несие алды. «2021-2025 жылға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» аясында оның 13,75%-ын мемлекет субсидиялайды, кәсіпкер тек 8%-ын төлейді.
«Zhana Urpag» ұлттық көшбасшылық мектебінде берген біліміміз түлектеріміздің білімді және сұранысқа ие маман болып қалыптасуына мүмкіндік беретініне сенімдіміз»,- дейді мектеп басшысы Бақытжан Сәбитденова.
Атырау қаласы, Нұрсая ш/а, Шердыбаев к-сі, Тмықбай к-сі, 2-үй
инстаграм: @Zhanaurpag.atyrau
+7 777 844 37 77