Астаналық кәсіпкер Шасалим 2020 жылы Эстонияда өткен World Cleanup Day халықаралық конференциясына қатысып, фандоматтардың көмегімен (депозит қағидасы) қоқыс жинап, шикізат ретінде қайта өңдейтін зауытқа барып, жұмысымен танысқан. Осы сапардағы түйгендерін саралай келе досы екеуі бірлесіп «ZQ2021» ЖШС тіркеп, әлеуметтік-экологиялық жобалармен айналысатын компания ашу туралы шешім қабылдайды. Компания өз жұмысының ерекшеліктерін ескеретіндей бағдарлама жазылған 5 фандомат сатып алып, елордада пластик бөтелке, алюминий қалбыр қабылдау үшін орнатты. Ондағы өткізілген шикізат өңделіп, одан ойыншық, жастықтар мен синтепон жасалады .
Ыдыс қабылдау автоматы немесе фандомат – қайта өткізілетін ыдыстарды (алюминий, полиэтилентерефталат (ПЭТ) және шыны бөтелкелер мен банкалар) халықтан шағын ақшалай сыйақыға немесе дүкен, көлікпен жүру барысында пайдалануға болатын ұпай, чектерге айырбастайтын робот агрегат. Тұрмыстағы қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу тізбегіндегі буындардың бірі. Елордадағы фандоматтар да бос ыдысты (пластик, алюминий немесе шыны) қабылдап, орнына ақшалай сыйақы береді. Мөлшері тапсырылған ыдыстың нақты сипаттамаларына байланысты болуы мүмкін.
Фандоматтың сыртында ақпарат жазылған экран, сонымен қатар контейнер қабылдағышы бар (әдетте корпустағы дөңгелек тесік) және ақшалай сыйақы немесе чек беретін бөлік бар. Сонымен қатар қолма-қол ақшасыз есептесу үшін банк картасын қабылдағыш та болуы мүмкін.
Компания күніне 2 тоннаға дейін пластик бөтелкелерді қайта өңдей алады және ұнтақтағыш бөлікке күшті мотор орнату арқылы қуатын бір ауысымда 3 тоннаға дейін арттыра алады.
2023 жылы қайта өңделген өнім көлемін ұлғайту үшін компания «Bereke Bank»-тен 20,75%-бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба мемлекеттік бағдарламасы- аясында оның 12,75%-ын мемлекет субсидиялайды, айырмасы кәсіпкерге қалады. Сондай-ақ Қор кепілдік те берді.
Компания мұнтаздай жағалау, таза экология, дені сау ұлт, қала тұрғындарын қоқыстарды бөлек жинауға үйрету, шексіз мейірім, көміртегімен жер-көкті ластау қарқынын азайтуды көздейді.
«Біз таза елге айналу қиын болса да өз қолымызда екенін өз ісімізбен көрсетеміз. Ең бастысы – ынта. Ал жақсы істі жалғастыратын идея, адамдар мен ресурстар таусылмайды», - дейді компания басшысы.
Қабанбай Батыр даңғылы, 49а үй
Телефон: +77017120071
Пошта: info@zq2021.kz