menu
Жабу

Жаңа автобус – ыңғайлы тасымал

Жаңалықтар
26.01.2024

Евгений Пуденко – жеке кәсіпкер және жеті бала тәрбиелеп отырған бақытты әке. Ол ұзақ уақыттан бері тасымалдау саласында қызмет етіп келетіндіктен, клиент үшін жайлылық деген не екенінін жақсы біледі.

Бизнес жайлы идея оның басына 2009 жылы келді. Дәл сол кезде Евгений жолаушылар тасымалымен айналысуды қолға алды. Оған кәсіпкер өзін бизнестің әртүрлі салаларында сынап көрді. Шаруа қожалығы, пластик терезелер өндірісі де артта қалды. 

Евгений Анатольевич алғашқы автобусты несиеге сатып алып, көлік компаниясымен шарт жасасты да Қостанай қаласының ішіндегі бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдай бастады. Кейін тағы бір автобус сатып алып, қала маңындағы маршрутта пайдалана бастады. Осылайша, автопарк келе кеңейе берді. Кәсіпкер несиесін төлей жүріп, жаңа көлікке ақша жинады. 

2018 жылы Евгений Анатольевич өз қаражатына рефрижераторлар сатып алды және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік медициналық ұйымдарға тасымалдауға арналған «СК Фармация» компаниясымен тендер аясында шарт жасасты. Сонымен қатар, «СТОФАРМ» компаниясының қызметкерлерін тасымалдауға да шарт жасасты. Дәл осы мақсатта кәсіпкерге ыңғайлы үлкен автобус қажет болды. 

2023 жылдың маусым айында мемлекеттік қолдау туралы білген Евгений Анатольевич «Қазақстан Халық банкінен» несие алды. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несиесін ішінара субсидиялап, «Даму» Қорынан несие сомасының 85%-ы көлемінде кепілдік алды. 

«Несиемді мақұлдағанда қатты қуандым. Әсіресе Қордың мөлшерлемені 8%-ға дейін төмендеткені керемет көмек болды. Маған дәл осы кезеңде жаңа автобус сатып алу өте қажет болатын және мемлекеттік қолдаудың арқасында осындай мүмкіндік пайда болды. Мен үлкен 55 орындық автобус сатып алдым және бұл маған қызмет көрсету сапасын жақсартуға және жолаушыларыма жайлы жағдай жасауыма мүмкіндік берді. Осы мемлекеттік бағдарлама аясында 2024 жылы да жаңа көлік сатып алуды жоспарлап отырмын», - дейді ол.

 Тел: +7 (777) 900 39 16