info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Теміртаудағы тіл революциясы: Piccadilly білім беру орталығы – табысты тіл үйрету құпиясы

Жаңалықтар
29.01.2024

Piccadilly білім беру орталығы – ағылшын тілін меңгеріп, білім жетілдіруде сапалы мүмкіндік ұсынатын ерекше орын.

Мұнда әртүрлі жас пен ағылшын тілін меңгеру деңгейіне арналған топтар мен курстар жұмыс істейді. Яғни, ағылшын тілі жұмыс, оқу немесе саяхаттау үшін қажет пе деген сұраққа жауап іздей отырып қажеттілік пен мақсатқа сәйкес келетін бағдарлама таңдалады.

Piccadilly-де инновациялық әдіс, тәсілдер қолданатын тәжірибелі, кәсіби оқытушылар сабақ өткізеді. Олар сізге барлық дағдыларды дамытуға көмектеседі – оқу, жазу, сөйлеу және есту арқылы түсіну – грамматика мен сөздік қорын жақсарту.

Piccadilly ұстанатын негізгі принциптердің бірі – тіл үйренудегі белсенді қарым-қатынас. Орталықта студенттерге білімін іс жүзінде қолдануға және ағылшын тілінде сенімді сөйлесуге көмектесетін пікірталастар, рөлдік ойындар және басқалар сияқты әр түрлі іс-шаралар өткізіледі.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында білім беру орталығы 2023 жылы «Қазақстан Халық Банкінен» несие алып, «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланды.

Piccadilly оқуға ыңғайлы жағдай жасайды. Орталықта заманауи аудитория, интерактив тақталар, заманауи аудио-бейне жабдықтар толық. Бұл – студенттерді қызықтырып, ынталандыратын интерактив және динамикалы сабақтар өткізуге мүмкіндік береді.

Piccadilly білім беру орталығы – әр студент ағылшын тілін үйренуде өз әлеуетін аша алатын орын.

Теміртау қаласы, «Нұр» СҮ, 2 қабат

Телефон +7-708-430-24-14

Instagram: @piccadilly_club