info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Ранчо» демалыс базасында ұмытылмас отбасылық мереке

Жаңалықтар
31.01.2024

Батыс Қазақстан облысы Асан кентінде орналасқан «Rancho» демалыс орталығы 2018 жылдың басынан бастап жұмыс істеп тұр. Бұл – бүкіл ұжым немесе отбасы болып ашық ауада тамаша демалыс уақытын өткізетін орын. Қазір бұл жер Орал қаласының мен қала маңындағы тұрғындар үшін сүйікті орынға айналып үлгерді.

Демалыс кешеніндегі негізгі тартымдылық – әдемі ландшафт. Оның аумағында ақ құмды жағажай мен өзенге түсетін ыңғайлы жерлер бар. Жағажай демалысы үшін қонақтарға шезлонг, балаларға арналған бассейн, әткеншек те ұсынады. Үлкен әрі ыңғайлы бастырмалар, тамақтануға арналған үстел, сондай-ақ жайлы дәмхана бар. Қыста демалыс орнының қонақтарына коньки тебуге, сырғанауға, шаңғы тебуге болады.

Қызметін кеңейту үшін кәсіпкер «ForteBank»-тен жылына 21,75%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оның 14,75%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» Қоры кепілдік берді.

«Rancho» демалыс орны - таза ауа, жақсы көңіл-күй, табиғатта белсенді демалыс және көптеген жағымды әсерлер сыйлайтын орын.

Мекенжайы: БҚО, Асан ауылы, Рабочая көшесі 1/10.

Телефон: + 7 700 444 65 95

Instagram: rancho_uralsk