Ақтау қаласында корей стиліндегі «Korean street food» бірегей кафесі ашылды. Мұнда келушілер шынайы хош иістер әлеміне еніп, шын сүйіспеншілікпен, Кореяның дәстүрлі рецептерімен дайындалған ерекше тағамдардан ләззат алады. Кафе заманауи корей тағамдарын дайындап қана қоймайды, сонымен қатар Кореяның поп-мәдениетіне қатысты атмосфераны да сақтайды.
Кафенің интерьеріндегі әр деталь корей поп-мәдениетіне арналған. Әр түрлі жерлерде картоннан жасалған айдолдар бар, мониторларда корей клиптері корсетіледі, ал фонда K-pop музыкасы ойнап тұрады. Мұндай жерде корей поп-мәдениетінің атмосферасына енбеу мүмкін емес.
Мәзірге келетін болсақ, Корей көше тағамдарын ұнататындар аспаздық алуандыққа таң қалады. Мұнда Ақтау тұрғындары мен қонақтары дәмін тата алатын рамен, кимбап, токпокки, бибимпаб, чажанмен сияқты тағамдар, бинсу, пуноппан десерттері, сонымен қатар көптеген басқа тағамдар дайындалады.
Дәмхананы жеке кәсіпкер Етенбаева Меруерт Маратқызы ашқан. Меруерт Маратқызы бизнеске 2021 жылы келді. Негізінен мейрамханалар мен және азық-түлік жеткізу қызметін ұсынады.
Жабдықтар сатып алу және ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет болғанда кәсіпкер «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «First Heartland Jusan Bank»-тен несие алды.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдікпен алынған қаржы кажет жабдықтар сатып алу мен ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 11 ш/а, 58 үй
Instagram: @Korean_street_food_aktau
тел.: +7 (702) 610 14 65