menu
Жабу

Жетісу облысында «Үштөбе сүт өнімдері» зауыты қолдау алды

Жаңалықтар
01.02.2024

«Үштөбе сүт өнімдері» ЖШС 2020 жылы Жетісу облысының Қаратал ауданында құрылған. Компания сүт пен балмұздақ, сүт, айран, қаймақ, кілегей, курт, ірімшік сияқты көптеген сүт өнімдерін өндірумен айналысады.

Кәсіпорында сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи автомат жабдықтар орнатылған. Өндірісте жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Барлық өнімдер классикалық технология бойынша шығарылады. Жетісу облысы мен Алматы облысының дүкендері арқылы сатылады.

Компанияға инвестиция қажет болғанда «ForteBank»-тан несие алды. Жобаны «Ұлттық жобасы» бағдарлама аясында «Даму» Қоры субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша қолдады.

Инстаграм: @yshtobe_sut

+7 (727) 256-36-86

Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Мартынов көшесі, 1-үй