info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Инновацияларды енгізе отырып, біз заманауилыққа қадам басамыз

Жаңалықтар
12.02.2024

«ALMATY TURMYSTYQ TEHNIKA ZAVODY» – елде тұрмыстық техника шығара бастаған алғашқы зауыт. Алматы облысы, Жармұхамбет ауылында орналасқан. Зауыт 2021 жылдан бері тұрмыстық техника өндіруде жетістіктерге ұмтылып, табысты дамып келеді.

Компания тұрмыс техникасын шығаратын тәуелсіз отандық өндіріс құруды көздеді. Қазір ас пісіретін техника шығарып жатыр. Жыл сайын жаңа технологиялық желілер іске қосылып, бұрын Қазақстанда болмаған жоғары технологиялық жабдықтардың жаңа түрлері игеріліп, жоба кезең-кезеңімен жүзеге асуда.

Соңғы 3 жыл ішінде компания:

- өз өнімдерінің ұсақ-түйек бөлшектерін шығаратын металл өңдеу цехын;

- затты пенопластпен қорғауыш қаптамалары шығатын пенополистирол орау цехын;

- автоматтандырылған бояу шеберханасын;

- Автоматтандырылған эмаль құю цехын іске қосты.

Зауыт осы уақыт ішінде ас үй пештері, мини-пештер, ас пісіретін пештің үстел үстіне орнатылатын және бу пештер сияқты өнімдерді сәтті шығарып келеді. Сондай-ақ тоңазытқыш қондырғылар, ауа сорғыштар, мұздатқыш қондырғылар мен теледидарлар шығару да жоспарда бар. Қазір зауыт үздіксіз даму және жаңа технологияларды игеру үстінде.

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасының арқасында кәсіпкер «Даму» қорының субсидиясын пайдалана отырып, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан қаржы алды.

Алматы облысы, Жармұхамбет ауылы, Мақатаев көшесі, 2

Сайт: ATTZ.KZ

Тел: +7 771 857 83 09