info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тараз қаласында жаңа «Galam school» мектебі ашылды

Жаңалықтар
02.02.2024

«Galam Highs School» ЖШС ресми түрде 2022 жылы тіркелген. Компанияның директоры Құлсерікова Әйгерім Ғабитқызы.

2023 жылдың басында Әйгерім Құлсерікова 1-4 сынып оқушыларына арналған заманауи мектеп салуға бел буды. Мектеп заманауи стандарттарға сай бағдарлама бойынша, сондай-ақ инновациялық авторлық әдістемелер мен технологиялар бойынша білім береді. Әр ата-ана баласының осындай мектепте сапалы білім алуын армандайды.

Мектептің құрылысын аяқтау үшін қаражат қажет болғанда Әйгерім Құлсерікова «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Жамбыл филиалына жүгінді. Несие алу бойынша барлық қажетті ақпаратқа қаныққан соң кәсіпкер «First Heartland Jusan Bank»-тен қарыз алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» екінші бағыты аясында «Даму» Қоры несиені ішінара субсидиялады.

Несие мен субсидия алған соң Әйгерім Ғабитқызы жобасын сәтті жүзеге асырып, заманауи стандартты жаңа мектеп ашты.

Мектептің мекенжайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы 123 л

Instagram: @galam_school_taraz

Тел: +7 771 232 91 19