Мейрамханалар қазір кез келген адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Верандалы кең мейрамханалар, шағын және жайлы дәмханалар, бар секілді қоғамдық тамақтану орындары бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Бірақ тамақ дайындау және қонақтарды қабылдау мүмкіндігі бірдей деңгейде бола бермейді.
«A.ORYNTAY» ЖК тіркеген алматылық Орынтаев Ануар Сәбитұлы 2018 жылдың қараша айынан бері мейрамхана бизнесімен айналысады.
Кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкінен» «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында инвестиция үшін несие алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес, түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі 6% құрайды. Қаражатқа Алматы қаласы, Алатау ауданы, Саялы ықшам ауданынан дәмханаға жабдықтар мен жиһаздар сатып алды.
Бұл дәмханада келушілер тамақ жеуден ғана емес, сонымен қатар қоршаған атмосферадан, интерьерден және коммуникациядан эстетикалық ләззат алады. «Мейрамхана бизнесі басқа бизнес түрлерінен түбегейлі ерекшеленеді. Ол дәстүрді, өнерді, философияны, психологияны біріктіреді», – дейді кәсіпорын жетекшісі Әнуар Сәбитұлы.
Инстаграм: @afiyet_cafesi
Алматы қаласы, Алатау ауданы, Саялы ы/а, №11
Байланыс телефоны : 8-707-401-99-99