«Мой Доктор» ЖШС балама медицина саласында қызмет көрсетеді. Бұрын банк саласында жұмыс істеген клиниканың жалғыз құрылтайшысы әрі директоры өзі ауырған кезде оңалу үшін балама медицинаға жүгінген. Ал кейін осы қызмет түрімен өз бетінше айналысып, басқаларға да көмектесуге шешім қабылдады.
Клиникада:
ағзаны вирустардан, паразиттерден және токсиндерден биотазарту;
хиджама процедурасы;
массаждар;
гирудотерапия;
парафин терапиясы;
апитерапия;
остеопатия;
дисбактериозды емдеу және сол сияқты көптеген процедуралар жасалады.
Сондай-ақ, гемосканализдер, спермограмма, цитология және т.б. талдаулары жүргізіледі. Клиника штатында зертханашылар, паразитологтар және шығыс медицинасының дәрігерлері жұмыс істейді. Барлығы сертификатты мамандар. Клиника қан талдауын жүргізуге арналған, парафин терапиясына арналған, электр массажына арналған, тұз бөлмесімен, сумен емдеу аппараттарымен жабдықталған. Сонымен қатар, қосымша гинекология және педиатрия бағытында да қызмет көрсетеді.
2022 жылы компания Қызылорда қаласында клиника ашып, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Қазақстан Халық банкінен» несие алған кезде «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» қорынан субсидия түрінде қолдау алды.
Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі, 107Б
тел: 8(705)603-50-50, 8(775)582-04-44,
инстаграм: @moydoctor.kz