Қалауға арналған тор – ғимарат салу кезінде дайын конструкцияны күшейту үшін қолданылатын құрылыс материалы.
Тор сылақ қабатының беткі қабатын жарылып, жарықшақ пайда болуынан қорғайды және оның беріктігін арттырады, сылақтың қабырғаға жақсы жабысуын қамтамасыз етеді, сөйтіп қызмет ету мерзімі де ұзарады. Атыраулық «Алиев М» ЖК да осы өнімді шығарумен айналысып келеді.
Өңірде жылжымайтын мүлік, мемлекеттік әлеуметтік объектілердің (ауруханалар, мектептер, балабақшалар) құрылысы қарқынды жүруіне байланысты компания өндірісте пайдаланылатын түйіспелі дәнекерлеу станогын сатып алуды шешті және екінші деңгейдегі банкке жүгінді.
«Алиев М» ЖК-ның жобасын жабдықтарды сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға «Банк Центр кредит» АҚ «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» бағдарламасы шеңберінде жылдық 21% -бен мақұлдады, онда мемлекеттің субсидияланатын бөлігі 13,75%-ды құрады, ал айырмасын кәсіпкер төлейді. Даму қорының кепілдігі 13,8 млн теңгені құрады.
Алдағы уақытта «Алиев М» ЖК өнім көлемін екі есеге, яғни күніне 800-1 000 данаға дейін арттыруға ниетті. Қазір шикізатты Атырау қаласының жергілікті көтерме кәсіпкерлерінен сатып алып отыр.
Атырау қаласы, Оңтүстік өнеркәсіп аймағы, 31а, қойма 15.
+7 775 422 38 92