2018 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан «ZHAILY» ЖШС балаларды дамыту мен тәрбиелеуге үлес қосып келеді. Жетекшісі – Байсупова Мадина Гарифуллақызы.
Балабақша ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болғанда кәсіпкер қаржы алу үшін «Нұрбанкке» жүгінді. Нәтижесінде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры арқылы несиені субсидиялап, мемлекеттен қолдау алды.
«Еркем-ай» балабақшасы 1,3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Мұнда күніне бес рет тамақ беріледі, мұғалімдер балаларға сабақты ойын түрінде өтеді. Балалар сурет салады, мүсіндейді, құрастырады, дене шынықтырып, музыкалық қабілетін ұштайды.
Сонымен қатар, балабақшада логопед-дефектолог маман жұмыс істейді, шахмат, қазақ тілі және математика пәндері бойынша мектепке дайындық сабақтары жүреді. Жарыстар, конкурстар мен мерекелер жиі ұйымдастырылады.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 26 ш/а, №44 уч
Instagram: @erkemaii2023
тел.: +7 (702) 179 00 04