Сұлулықтың идеалы әр елде, ұлтта әр түрлі және тарихы және география, дәстүрлермен байланысты қалыптасады. Қазіргі сұлулық туралы заманауи көзқарас сәнге негізделген. Сәннен қалғысы келмеген жандар оған көп күш жұмсайды.
Өтепова Айгүл Климовна осы салада қызмет көрсету мақсатымен «Косметология орталығын» 2004 жылы құрды. Шағын кабинеттен басталған бизнес бүгінде заманауи косметологиялық қызметтер орталығына айналған. Көп жылғы табысты және нәтижелі жұмыс барысында «Косметология орталығы» пациенттерінің сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болды.
Қазір бұл орталық эстетикалық медицина нарығындағы ең танымал компаниялардың бірі. 20-ға жуық адам жұмыспен қамтылған. Көпшілігі дермато косметолог, сондай-ақ сұлулық сақтап қалу, денсаулық күтімі, сапалы ұзақ өмір сүру үшін жас келгендегі өзгерістердің алдын алуға маманданған Anti-Age бағытындағы сала мамандары.
Қызмет аясын кеңейту үшін компания «Банк ЦентрКредиттен» 21,5%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасына қатысудың арқасында қарызын кәсіпкер 8%-бен төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ Қор кепілдік те берді.
Қаражат Левередж медициналық фракциялық лазерлік CO2 аппаратын, Grand Cell RF, nd негізіндегі YAG Q-Master, тамырларды склероздау, онихомикозды емдеу, сүйелдерді, папилломаларды, пигментацияны жоятын лазер жүйе сатып алуға жұмсалды.
«Біз эстетикалық медицина саласында қолжетімді және сапалы қызмет көрсету арқылы адамдарға сенім сыйлаймыз және олардың өмір сүру сапасын арттырамыз. Біз Anti-age өмір салтын насихаттаймыз және Орталық Азия елдерінде профилактикалық медицинаның жетекші орталығы болуға ұмтыламыз», - деп атап өтті басшы.
Телефон нөмірі: +7 702 075 08 08
Instagram: @Tulip_med
Сайт: www.t-med.kz