Нұржамал Ермешқызы Капенова тігін өндірісінің технологы және өндірістік оқыту шебері мамандығы бойынша өзінің кәсіпкерлік қызметін 2008 жылы бастады. Ол кеңсе тауарларын сату үшін бизнес-орталық ғимаратында сауда алаңын жалға алып, біртіндеп полиграфиялық қызметтер енгізді. Бизнестің дамуына ыңғайлы жерде орналасқаны ықпал етті, өйткені бизнес-орталыққа жақын жерде Ш. Уәлиханов атындағы университет бар. Бизнес-орталықтағы компания қызметкерлері мен студенттер «Н.Е. Капенова» ЖК тұрақты клиентіне айналды.
Идея аса тартымды болмағанмен, бұл бизнес нюанстарын түсінуге, клиенттер базасын қалыптастыруға және тәжірибе жинауға жақсы мүмкіндік болды. 6 жылдан кейін «Капенова» ЖК жақын маңдағы сауда үйіндегі орнын жалға алып, орынн өзгертті. Аудан аз болғандықтан, кәсіпкер тауар ассортиментін азайтып, полиграфиялық қызмет көрсетуге көп көңіл бөлді.
«8 жылдан кейін маған жалға берілетін орынды қайтадан босатуға тура келді. Бизнесті ұйымдастырудың маңызды тұсы – орналасатын жерді таңдау, үй-жай қаланың орталық аудандарында, бизнес орталықтар мен оқу орындарына жақын болуы керек. Бұл тұтынушылар легін толастатпайды. Міне, 2022 жылы клиенттік база қалыптасқан таныс жердегі үй-жайды сатып алу идеясы келді. Мен полиграфиялық бизнесті дамытқым келді. «Даму» Қорының жеңілдікті несиелері туралы біліп, мен Қордың филиалына жүгіндім, ондағы құзыретті менеджерлер кеңес беріп, несие алу жобасын сүйемелдеді», - дейді Нұржамал Ермешқызы.
ЖК Н.Е.Капенова «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Forte Bank-тен жылдық 6%-бен несие алды. Қаражатқа үй-жай сатып алып, «КанцМир» дүкенін ашты.
Қазір кәсіпкер кеңсе тауарларының ассортиментін ұлғайтты, сонымен қатар полиграфиялық қызметтер спектрін дамытуда: түрлі-түсті/ақ-қара басып шығару, фотосуреттерді басып шығару және т.б. Кәсіпкердің жоспарында «ірі габаритті» презентациялық өнімді кең форматты басып шығаруға, заттарға басып шығаруға көшу бар.
Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 95-Үй, н. т. 22,
Instagram: @kanc_mir_kokshetau
Тел. 8-705-598-76, 8-778-066-6395