info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

BILLION SCHOOL – қуана оқитын білім ошағы

Жаңалықтар
09.02.2024

«BILLION SCHOOL» ЖШС 2022 жылы тіркеліп, Павлодар қаласында бастауыш сыныптарға білім берумен айналыса бастады. Компания басшысы – Байділдина Джанира Жұмагелдіқызы.

Орталықта балалардың білім деңгейін көтеріп, шет тілін үйретіп, оқушыларды IELTS-ке дайындайды. АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия және Түркия университеттеріне грант және ақылы оқуға түсуге қолдау көрсетеді.

BILLION SCHOOL – түсінбей қалған, өткізіп алған тақырыптарды пысықтауға тамаша мүмкіндік.

Әр кабинетте 12 оқушы, барлығы 10 кабинет бар. Қазір орталықта 200-ден астам оқушы білім жетілдіруде. Ресми түрде 4 адам жұмысқа қабылданған, қалған оқытушылар сырттай жұмыс істейді.

Байділдина Джанира 2023 жылы «BILLION SCHOOL» білім беру орталығына жабдық, жиһаз сатып алып, техникалық жөндеу жүргізу үшін «Даму» Қорына жүгінді. Кәсіпкер Қор менеджерлерінің сүйемелдеуімен «Forte bank»-тен 61 млн теңге несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында 21,75%-дық несиен кәсіпкер тек сегіз пайызбен төлейді. Айырмасын Қор субсидиялайды. «Даму» қоры кепілдік те берді.

Болашақта кәсіпкер 5-11 сынып оқушылары үшін тағы бір білім беру орталығы мен жекеменшік мектеп ашуды жоспарлап отыр.

Павлодар қаласы, Марғұлан көшесі, 197/2

Тел.: 8-747-028-07-30

Instagram: @billion_pvl