info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Millennials» ЖШС: жоғары технологиялар алыбы

Жаңалықтар
09.02.2024

«Millennials» ЖШС – инфрақұрылым және қауіпсіздік жүйелерін, компьютерлік және телекоммуникациялық жабдықтарды, сондай-ақ жалпы және арнайы мақсаттағы жүйе, кешендерді жеткізетін компания. Атап айтқанда жоғары сапалы компьютерлік жабдықтар, серверлер, желілік жабдықтар мен телекоммуникация жүйелерін ұсынады.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында серіктестік 2023 жылы «Bereke Bank»-тен компьютерлер мен перифериялық жабдықтар өндірісін ұлғайту үшін несие аларда «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланды.

Компания озық технологиялық шешімдер ұсыну үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға үнемі инвестиция салып келеді. Инновациялар өндіріс процесінде жүзеге асырылатындықтан, өнім жоғары сапалы болып шығады. Компания әртүрлі салалар мен тұтынушылардың нақты сұраныстарын қанағаттандыру үшін арнайы шешімдер ұсынады. «Millennials» ЖШС өз өнімдерінің сапасына кепілдік беру үшін өндірістің жоғары стандарттарын ұстанып, қатаң бақылау процедурасын жолға қойған. Өндірістің әр кезеңі мұқият бақылауда. Компания өнімді уақтылы жеткізу үшін өндіріс процестерін нақты жоспарлап, басқару ісін ұстанады. «Millennials» ЖШС командасында техникалық жабдықтарды әзірлеп, өндіру саласында мол тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.

«Millennials» ЖШС өзінің табысты қызметі барысында 50 000-нан астам компьютер техникасын жеткізді. 2023 жылы бүкіл Қазақстан бойынша оқу орындары мен ауруханаларға 5 000-нан астам компьютерлік техника жеткізілді. «BINOM» мектептерінің 20-дан астам компьютерлік кабинеттері жабдықталған. 2022-2023 жылдары 35-тен астам робототехника кабинеті бағдарламаланған. «Millennials» ЖШС мемлекеттік мекемелерде 3000-нан астам ноутбук, графикалық станция, сервер және моноблок жеткізді және 5000-нан астам бейнекамера орнатылды. 2023 жылы бейне қабырғаға арналған кешенді шешім әзірленіп, нәтижесінде «экран өнімділігі жоғары» бейнебақылау жүйесі құрылып, мұнай кәсіпорындарындағы өткізу режимі автоматтандырылды.

Қарағанды қ., Пичугин к-сі, 4-үй, 210-кеңсе. Почта: info@millennials.kz

тел: 8778 017 39 33; whats app: 87783075237

Сайт https://www.millennialskz.com/