menu
Жабу

Өскеменде күнбағыс майын өндіру жобасы қолдау тапты

Жаңалықтар
12.02.2024

«BASTAY-ASTANA» ЖШС 2019 жылдың ақпан айында құрылды. Компанияның негізгі қызметі – күнбағыс майы мен торта өндіру. Қазір компанияның жалпы ауданы 450,9 ш.м. толық жабдықталған шағын май цехы ғимараты, жалпы ауданы 385 ш. м болатын қойма ғимараты және өз өнімдерін сататын дүкені бар. Барлық кешен Меновное ауылында орналасқан. 10 адам жұмыспен қамтылған.

Күнбағыстың майлы сұрпы тұқымынан алынатын сұйық май (өсімдік майын) өндіру процесінде престеу және экстракциялау әдісімен жүзеге асады. Тазартылмаған майда қуырылған күнбағыс тұқымының айқын дәмі мен иісі бар, ашық сары түсті, аздап тұнбасы да болуы мүмкін. Сапасы жағынан: жоғары, 1 және 2-ші болып үш сұрыпқа бөлінеді. 1000 кг тұқымнан 380 л күнбағыс майы алынады. Бұдан 38% және шамамен 58% торта қалады.

Барлық өнім «БАСТАУ» брендімен сатылады. Негізгі ірі жеткізушілер – «Дәмді-нан» ЖШС және «Нұралы» ШҚ, сондай-ақ басқа да шағын шаруа қожалықтары. Бүгінгі таңда негізгі тұтынушылар қатарында «ЧОСБ сақшы» ЖШС және «Астана-Бизнес» ЖШС бар.

Компания «Банк ЦентрКредиттен» айналым қаражатын толықтыруға несие алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясындағы«Даму» Қорының қолдауының арқасында кәсіпкер үшін пайыздық мөлшерлеме жылына 6%-ға дейін азайтылды.

+7 776 065 55 53

ШҚО, Өскемен қаласы, Меновное ауылы, Кооператив көшесі, 25-үй.